БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 28 қаңтардағы жаңа қаулысы

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда карантин талаптарын сақтай отырып, жиналыс, кеңес, семинар, конференцияларды дәстүрлі сипатта өткізуге рұқсат берілді.

Жалпы білім беретін мектептерде 1-4 сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6 сыныптар), оқушы саны 600-ден аспайтын білім ордаларында балалар штаттық режимде оқиды.

Оқушы саны 600-ден астам мектептерде жобалық қуатының 50 пайызынан аспайтын жүктемемен штаттық режимде білім алады. Мектептен тыс ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейді.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинар сабақтары, өндірістік практика – икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер – онлайн.

Білім беру ұйымы әкімшілігінің қалауы бойынша вакцинациялаудың толық курсын алған оқушыларды штаттық режимде оқытуға жол беріледі.

Орта білім беру ұйымдарында, колледждерде, ЖОО-ларда карантин режимін бұзу анықталған жағдайда білім алушылардың барлығы қашықтан оқытуға көшіріледі.

«Ashyq»жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға бұрынғыша тыйым салынады.

Басқа да карантиндік шектеу шаралары сақталады.

Қаулы 28 қаңтардан бастап күшіне енді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-14
Утром16.32 ℃
Днем17.49 ℃
Вечером14.69 ℃
Ночью13.08 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1000
Скорость ветра9.5 м/с
2025-05-15
Утром9.33 ℃
Днем18.22 ℃
Вечером18.94 ℃
Ночью13.86 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.27 м/с