Назарбаев дәуірі аяқталды ма? Ол саясаттан шеттетіліп жатыр

Парламент Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты саяси биліктен заңды түрде толығымен шеттетті. Депутаттар Елбасының Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесін өмір бойына басқару өкілеттігін тоқтатуды қолдады.

Ашық көздерден.

Бұл құзірет толығымен мемлекет басшысына беріледі. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік маңызы бар бастамаларға да араласа алмайды.

Бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Nur Otan-ның төрағалығын Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеген. 28 қаңтарда билік партиясының кезектен тыс съезі өтеді. Сол жерде президент партия төрағалығына сайланады деген жоспар бар.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев посткеңестік елдердің ішінде мемлекетті басқару жағынан рекорд жасаған. 1989 жылдың 22 маусымынан бастап (1990 жылдың 24 сәуіріне дейін Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы) 2019 жылдың 19 наурызына дейін президент болды. Сонда 30 жылға жуық (29 жыл 8 ай 26 күн) ел басқарды. Осы уақыттың ішінде билікті толығымен өз қолына алды. Мемлекеттің негізгі институттарына жетекшілік етті.

2000 жылы қабылданған «ҚР Тұңғыш президенті туралы» заңда Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясын және Қауіпсіздік кеңесін өмір бойына басқару өкілеттігі бекітілді. Сондай-ақ Елбасы Nur Otan партиясына жетекшілік етіп, Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатына да араласуға құқылы болды.

Биыл қаңтардың басындағы оқиғалар кезінде президент Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін басқаруға кірісті. Парламенттің екі палатасы да Елбасының Қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ны өмір бойына басқару құқығын тоқтатуды мақұлдады. Сенат онымен шектелмей, тағы бір ұсыныс енгізді. Оған сәйкес, ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларды Елбасымен келісудің қажеттілігі болмайды.

Сенатор Ләззат Сүлейменнің айтуынша, мәжіліс сенат енгізген ұсынысты қолдаса, заң бірден президенттің қол қоюына жіберіледі.

«Сенаторлар заңнамаға енгізіліп отырған мемлекетіміздің Қауіпсіздік кеңесін, Қазақстан Халқы Ассамблеясын мемлекет басшысы өзінің қызметіне сәйкес басқаруға тиіс деген өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар»Тұңғыш президент туралы» заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамалар Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алынып тасталып отыр», — дейді Сүлеймен.

Назарбаевтың өзі барлық өкілеттігін 2019 жылы тапсырғанын және зейнеткерлік демалысқа шыққанын мәлімдеді. Жақында Nur Otan партиясындағы төрағалығынан да бас тартты.

Осылайша Назарбаевтың бірнеше заңды мәртебесі қалды. Олар: Елбасы, Халық Қаһарманы, құрметті сенатор және ҚХА құрметті төрағасы.

«ҚР Тұңғыш президенті туралы» заң бойынша Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерін ұстауға болмайды. Банк есепшоттары да қорғалады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-10
Утром-28.19 ℃
Днем-16.39 ℃
Вечером-14.57 ℃
Ночью-10 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.14 м/с
2026-03-11
Утром-2.53 ℃
Днем0.33 ℃
Вечером0.75 ℃
Ночью0.47 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра7.87 м/с