Оралда жаяу жүргіншілерді көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды

Оралда бір күнде екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Екі дерек те камераға түсіп қалған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бейнеден скриншот.

Бірінші жағдайда 30 жастағы ер адам Алматы көшесіне жүгіріп шығып, оны Volkswagen Passat көлігі қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы 27 қаңтарда таңғы сағат 10:30 шамасында болған. 28 жастағы жүргізуші жолға жүгіріп шыққан ер адамды қағып кетті. ЖКО нәтижесінде жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Зардап шеккен адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 2-бөлігі «Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол жүру ережелерін бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деді Полиция департаменті өкілдері.

Сол күні кешке жасөспірім жүріп бара жатқан автобустың астына түсіп қалған.

«Молдағұлова көшесінде кәмелетке толмаған баланы қағып кеткені туралы хабарлама сағат 19:46-да түсті. Реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде ПАЗ автобусының 41 жастағы жүргізушісі 9 жасар жасөспірімді қағып кеткен. Бала бағдаршамының тыйым салынған түсіне жүгіріп шыққан. Кәмелетке толмаған баланы жедел жәрдем ауруханаға жеткізді. Қазір жол-көлік оқиғасына қатысушылардың жауапкершілік дәрежесі анықталып жатыр», – деді полициядағылар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы кәмелетке толмаған бала дене жарақатын алғанын және амбулаторлық емдеуге жіберілгенін айтты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-16
Утром-4.07 ℃
Днем-5.32 ℃
Вечером-10.38 ℃
Ночью-12.08 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра5.87 м/с
2025-01-17
Утром-8.43 ℃
Днем-4.71 ℃
Вечером-2.8 ℃
Ночью-1.91 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.51 м/с