Нұрлан Нығматулиннің орнына Ерлан Қошанов келді

Бүгін Парламенттің төменгі палатасы — Мәжілістің төрағасы ауысты. Осы лауазымда 10 жылға жуық болған Нұрлан Нығматулиннің орнына Президент Әкімшілігінің басшысы болған Ерлан Қошанов сайланды, бұл туралы Парламенттің төменгі палатасының ресми сайтында хабарланды.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, келесі қаулылар қабылданған еді.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутатының бос мандаты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын», — делінген Орталық сайлау комиссиясының қаулысында.

Ерлан Қошанов 1962 жылы 14 тамызда бұрынғы Жезқазған облысында дүниеге келген.

Білімі:

1984 ж. — Қарағанды политехникалық институтын тәмамдаған.

1999 ж. — Қазақ мемлекеттік басқару академиясы.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын «Жезқазғантүстіметалл» ҒӨБ байыту фабрикасының слесарі, шебері болып бастаған.

1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 1999 жылы — Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

Институт бітірген соң Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып істеді.

1988-1990 жж. — жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

1990-1995 жж. — Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төрағасының орынбасары, төрағасы.

1995-1999 жж. — Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.

1999-2001 жж. — Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.

2001-2003 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары — Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.

2003-2006 жж. — Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.

2006-2007 жж. — Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

2007-2012 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары — Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.

2012-2017 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.

2017-2019 жж. — Қарағанды облысының әкімі.

2019 жылғы 18 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

«Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендерімен және мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Қазақ, орыс, неміс тілдерін меңгерген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-10
Утром-5.84 ℃
Днем-4.29 ℃
Вечером-6.01 ℃
Ночью-5.83 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.21 м/с
2025-12-11
Утром-7.24 ℃
Днем-4.19 ℃
Вечером-4.9 ℃
Ночью-5.5 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.8 м/с