Назарбаевтың ескерткішін құлатқан: күдіктіні азаптау фактісі бойынша іс қозғалды

Бас прокуратура жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған адамды азаптау бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

© Sputnik

Бас прокуратура жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған адамды азаптау бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлері А.Б. Батырбаевты ұрып-соққаны туралы ақпарат таралып жатыр. Аталған азамат Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 22 қаңтарда ұсталған», – делінген ресми хабарламада.

Ал 23 қаңтарда жауап алу кезінде ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері өзіне дене жарақатын келтіргені туралы айтқан.

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі А. Батырбаевтың арызы негізінде азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі кезде тергеу шаралары атқарылып жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдың 5 қаңтарында Талдықорғанда наразылық білдірушілер Назарбаевтың ескерткішін бұзып тастаған. Азамат Батырбаев жүк көлігімен ескерткішті тартып құлатқан.

Айта кетері, бұған дейін Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова Атырау қаласына барып, әлеуметтік желіде тараған мәліметті тексеріп келген.

Оның айтуынша, бас прокуратураға адам құқықтарын бұзу бойынша 91 арыз түскен. Соның ішінде азаптау әрекеттері де бар. 24 қаңтарға дейін 8 арыз бойынша Қылмыстық кодекстің 146-бабы (азаптау) бойынша тергеу шаралары басталды.

Осы істердің арасында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына жазылған 5 шағым бар.

Дереккөзі: sputnik.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-12
Утром18.34 ℃
Днем33.22 ℃
Вечером32.75 ℃
Ночью24.37 ℃
Влажность19 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра8.79 м/с
2025-06-13
Утром20.56 ℃
Днем29.96 ℃
Вечером27.78 ℃
Ночью21.36 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра3.59 м/с