Қаңтар қасіретінде жеке ұшақтарымен елден қашқандар кімдер – депутат

«Ақ жол» фракциясы Қаржы мониторинг агенттігіне елімізден шетелдегі есепшоттарға шығарылған қаржылардың есебін сұрап, депутаттық сауал жолдады. Сауалды Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұл жариялады.

Фото: parlam.kz

«Ақ жол» фракциясы Қаржы мониторинг агенттігіне елімізден шетелдегі есепшоттарға шығарылған қаржылардың есебін сұрап, депутаттық сауал жолдады. Сауалды Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұл жариялады.

– Құрметті, Жаннат Қалдыбекұлы!

Президент Қ.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған кешегі кеңесте бұл дерт еліміздің дамуына елеулі қиындықтар туғызатын айтты. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде тапсырмалар берді. «Ақ жол» Демократиялық партиясының саяси бағдарламасында сыбайлас жемқорлық мемлекеттігімізге негізгі үш қатердің бірі ретінде көрсетілген.

«Global financial integrity» халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллары шығарылған, бұл бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең. Кейбір мәліметтерге сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары каражатты шетелге заңсыз шығару фактілері бойынша екі жүзден астам іс қозғаған. Алайда, нақты нәтижелері туралы ештеңе белгісіз» делінген депутаттық сауалда.

Сондай-ақ, қаңтар көтерілісі кезінде кейбір адамдардың елден жеке ұшақтармен кетіп қалғанын және қыруар қаржы шетелдік есепшоттарға аударылғаны туралы айтып, Қаржы мониторингі агенттігіне сауал жолдады.

«Сонымен қатар, қаңтар қасіретінде кейбір олигархтар Қазақстаннан жеке ұшақтармен кетіп қана қоймай, қыруар қаржыны шетелдегі есепшоттарға аударғаны туралы ресми емес ақпарат бар. Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы

Қаржы мониторингі агенттігінен сұрайды:

1) Агенттік құрылғаннан бері Қазақстан экономикасына оффшорлық аймақтардан нақты қанша қаражат қайтарылғаны туралы ақпарат беру.

2) Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде Қазақстаннан шетелге кандай ірі қаражат шығарылды (миллион АҚШ долларынан көп сомалар), оны кімдер шығарды, кімдердін шоттарына түсті? Сол күрделі күндерде көлеңкелі капиталдар шығарылды, деген күдігіміз бар. Ол адамдар тағдырын елімізбен байланыстырмаса, қалаған жерде қала берсін. Бірақ шығарылғын қаражат халықтан ұрланған болса, елімізге қайтарылып, экономикаға жұмыс істесін.

3) Сондықтан аталан фактілер болған жағдайда, салық органдарынан мұндай қаржының шығу заңдылығын және олардың тиісті салықтарды төлегенін тексеруін сұраймыз» делінген сауалда.

ДЕРЕККӨЗІ: Оrda.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-27
Утром13.66 ℃
Днем20.44 ℃
Вечером8.98 ℃
Ночью7.61 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра7.45 м/с
2025-04-28
Утром2.91 ℃
Днем6.92 ℃
Вечером6.56 ℃
Ночью3.28 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра10.66 м/с