«Қала әкімін өзіміз сайлаймыз»: Алматыда бейбіт митинг өтті

Наразылық акциясы мегаполистің жаңа басшылығымен келісілді. Бұл қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейінгі алғашқы бейбіт митинг. Адамдар жаңа әкімді халық сайлауы керек деп талап қойды. Наразылық акциясына жиналғандар қаланың жаңа әкімі болып Ерболат Досаевтың тағайындалуына қарсылық білдірді.

Ашық көздерден.

Ерболат Досаев бұған дейін Ұлттық банктің төрағасы болды.

Ал оның алдында Алматыны басқарған Бақытжан Сағынтаев қалада болған тәртіпсіздіктерден кейін қызметтен кетті.

Митинг Ғалымдар үйінің жанында өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.

«Біз, алматылықтар, әкімді өзіміз таңдау құқығын иелену үшін қан төктік. Бұрынғы барлық әкімді бізге тағайындап жіберген», – дейді митингіге қатысушылардың бірі.

Адамдар жүк көлігінің үстіне шығып, сол жерден сөйлеп жатыр.

«Бізде болған барлық әкімді – Есімов, Сағынтаев, Байбек, Храпуновты бізге тағайындап жіберді. Ешқайсысы қала тұрғындарымен диалог жүргізбеген», – дейді олар.

Жиналған жұрт Досаев Ұлттық банктің басшысы болған кезде митингіге қатысушылардың талаптарын тыңдамағанын еске салды.

«Енді Досаев қала әкімі болғаннан кейін, ол қаланың игілігі үшін жұмыс істемейді. Ол қала тұрғындарының талаптарын тыңдамайды. Ол оны тағайындаған адам үшін жұмыс істейді», – дейді митингіге шыққан тағы бір адам.

Наразылық білдірушілердің арасында қаңтар оқиғаларынан кейін тергеу изоляторында отырған адамдардың туыстары да бар – олар туыстарын босатуды талап етіп отыр.

Митингіге қатысушылардың бірі мінберге көтеріліп, биліктен тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандар туралы мәліметтерді жариялауды талап етті. Бірақ оны «арандатушы» деп атап, сахнадан күштеп түсірді.

Экономист және тележүргізуші Рахым Ошақбаев митингіде сөз сөйлеп, қаңтардағы оқиғалар кезінде қарапайым азаматтар да, құқық қорғау органдары да «осы жүйенің құрбаны» болғанын айтты.

«Біз ақиқатқа және болған оқиғалардың барлық мән-жайын ашуға қол жеткізуіміз керек. Сұрақ көп, бірақ қазірге дейін мардымды жауап жоқ. Алматы әкіміне келер болсақ, 21 ғасырда қазақстандықтардың әкімді таңдау құқығы болуы керек», – деп мәлімдеді Ошақбаев.

Оның пікірінше, әлемнің барлық дерлік елінде мэр сайлауы өтеді және қазақстандықтар бұған дайын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-05
Утром-4.42 ℃
Днем-1.66 ℃
Вечером-3.82 ℃
Ночью-4.27 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра4.18 м/с
2024-12-06
Утром-6.34 ℃
Днем-3.47 ℃
Вечером-5.25 ℃
Ночью-6.54 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.8 м/с