БҚО-да бюджет қаражатын жымқырған шенеуніктер сотталды
БҚО-да бюджет қаржысын жымқырғаны шенеуніктерді екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Бөрлі аудандық Тіл және мәдениет бөлімінің, сондай-ақ Сәулет және құрылыс бөлімінің мамандары өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24» .

Тағы 200-ге жуық шенеунік әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылды. Жалпы, ревизия 16 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтарды анықтады. Кінәлілер бұл соманың жартысын өтеген. Құрылыс саласында олар несиелік тұрғын үй құрылысынан, ал, ауыл шаруашылығында субсидиялау жүйесі бойынша бюджет қаржысын жымқырған.
Ерлан Сәпиев, БҚО тексеру комиссиясы аппаратының басшысы:
— Ең үлкен бұзушылық субсидияланбауы тиіс күн панельдерін субсидиялау бөлігінде болды. Нәтижесінде, қамтамасыз етілмеген субсидиялар сомасы 300 млн теңгеден асты. Сондай-ақ, құдықтарды субсидиялау бойынша бұзушылықтар болды. Аталған факті бойынша материал құқық қорғау органдарына беріліп, қылмыстық істер қозғалды.
