БҚО полицейлері 325 млн теңгеге 50 жаңа автокөлік сатып алмақ
Полиция департаменті мемлекеттік сатып алу сайтында әрқайсысының құны 6,5 млн теңге болатын 50 жаңа автокөлік сатып алуға өтінім жариялады.

Лотқа бекітілген Техникалық сипаттамаға сүйенсек, біз «Нива» ВАЗ зауытының автомобильдері туралы айтып отырмыз. БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Нұрғожиннің айтуынша, бұл көліктер Облыстың учаскелік полицейлеріне арналған.
– Бізде барлық учаскелік инспекторлар автокөлікпен қамтамасыз етілмеген. Көліксіз жұмыс істеу өте қиын. Әсіресе тек бір елді мекенді емес, бөлімшелері бар елді мекенді басқаратындар үшін. Облыс әкімдігі өткен жылы осы автокөліктерді сатып алуға бюджеттен қаражат бөлуді жоспарлаған болатын. Бірақ облыстық мәслихат полиция департаменті үшін көлік сатып алу шығындарының бір бөлігін кесіп тастады, біз 80 автомобиль қажет болған жағдайда тек 30 көлік сатып алдық. Биыл тағы 50 – ін сатып алуды жоспарлап отырмыз, — деп түсіндірді Болатбек Нұрғожин.
Ақмарал ШАЯХМЕТОВА
