Қаңтар оқиғалары: вице-премьер «Аманат» комиссиясының өкілдерімен кездесті

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қаңтар оқиғалары кезіндегі фактілерді тергеумен айналысатын «Аманат» тәуелсіз комиссиясының өкілдерімен кездесті. Кездесу кезінде құқық қорғаушылар комиссия қызметінің бағыттары туралы әңгіме қозғады, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Комиссия өкілдері қаңтарда болған оқиғаларды тергеудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

Вице-премьер мемлекеттік органдарға қоғамдық комиссияның әрбір ұсынысын мұқият пысықтап, мәселелерді заңнамада белгіленген тәртіппен шешуді, сондай-ақ комиссия қызметіне қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Айта кетері, «Аманат» қоғамдық комиссиясы қаңтарда болған оқиғаларға байланысты негізсіз қудаланған азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін құрылды. Негізгі мақсаты – бейбіт шеруге қатысқаны үшін тергелген, бірақ қылмыстық ниеті болмаған, сондай-ақ қылмыстарға қатысы жоқ адамдарды қылмыстық қудалаудан босату.

Комиссия құрамына сегіз адам кірді, оның ішінде төрт кәсіби заңгер, бір мәжіліс депутаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бір мүшесі және Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінен бір-бір өкілден бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-22
Утром20.71 ℃
Днем29.82 ℃
Вечером31.48 ℃
Ночью26.7 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра3.53 м/с
2026-07-23
Утром24.65 ℃
Днем30.55 ℃
Вечером26.66 ℃
Ночью30 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.56 м/с