Оралда қалалық субұрқақтарға қызмет көрсетуге әкімдік 267 млн теңге бөледі
Орал қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі субұрқақтарға үш жылдық қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялады. Бюджеттен бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы – 267 миллион теңге, бір жылға – 89 миллион теңгеден. ТКШ мамыр айында қаладағы барлық субұрқақтар іске қосылады деп уәде береді – олар күзде жөнделді, ал бөлінген ақша тек су қоймаларына қызмет көрсету үшін төленеді.

Лотқа қоса берілген құжаттамаға сәйкес, мердігер 25 қалалық субұрқаққа қызмет көрсетуі тиіс, оның ішінде – Тұңғыш Президент алаңындағы 11 субұрқақ, Жұбан Молдағалиев пен Чернобыль скверіндегі екі субұрқақ және қаладағы скверлер мен алаңдардағы бір субұрқақ.
Әлеуетті мердігер тендерге қатысуға осы жылдың 5 наурызына дейін өтінім бере алады, оған бірқатар талаптар қойылады, оның ішінде кәсіпорын балансында арнайы техниканың (тиегіштер, вакуумдық машиналар), сондай – ақ еңбек ресурсы – білікті қызметкерлердің (газ-электрмен дәнекерлеушілер, КИП инженерлері және т.б.) болуы. Жұмыстардың техникалық ерекшелігі нақты жазылған және субұрқақтарға күтім жасау бойынша күнделікті, ай сайынғы және маусымаралық жұмыстарға бөлінген.
Орал қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, биыл субұрқақтар мамыр мерекесіне орай іске қосылуы тиіс.
– Өткен жылы мердігерлермен проблемалар болды, «Жайық Жарығы» ЖШС нашар жұмыс істеді. Біз оларды сотқа бердік, нәтижесінде олар өз кінәсін мойындап, шартты өзара бұзуды сұрады. Осы жылға дейін біз барлық қалалық субұрқақтарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Алайда, Тұңғыш Президент алаңындағы субұрқақтар бойынша мәселе бар, Қадыр Мырза Әли орталығының жанындағы сарқыраманы ауыстыру керек. Бірақ тұтастай алғанда барлық субұрқақтар жөнделді, сондықтан Лотта көрсетілген сома ағымдағы күтіп ұстауға кететін болады. Бұл сома инфляцияға байланысты өткен жылдарға қарағанда көп (қаншалықты көп екенін, «ОА» сұхбатшысы нақтылай алмады),-деді Жандос Дүйсенғалиев.
Ақмарал ШАЯХМЕТОВА