БҚО-да браконьерлер инспекторларға оқ жаудырған

16 ақпанда браконьерлер «Охотзоопром» РМҚК Батыс Қазақстан өңірлік филиалының инспекторларына қарсылық көрсетіп, олардың қызметтік көлігіне оқ атқан. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды.

Бейнеден скриншот.

Ведомствода хабарлағандай, инспекторлар барлау кезінде Казталов ауданы Жұлдыз ауылының аумағында «Боран» маркалы қарда жүргіш көлігінің ізіне түскен. Жедел қуып жеткен қорықшылардың пәрменіне құлақ аспаған қаскөйлер Тойота маркалы қызметтік көлікке анықталмаған мылтықтан шамамен 10 рет оқ атқан. Автомобильдің алдыңғы дөңгелектері жарылып, бампері зақымдалған.

«Инспекторлардың табельдік қарудан ескерту оқ атқандарына қарамастан, браконьерлер БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылына қарай іздерін суытқан,» деп хабарлайды министрлікте.

Оқиға орнына Казталов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шақырылып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Абырой болғанда адам шығыны мен жарақат алғандар жоқ.

Айта кетейік, өткен жылдың 14 желтоқсанында Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 15 шақырым жерде БҚО аумақтық инспекция бөлімінің бастығы Серік Мәженов қаза тапты. Оның тікелей бастығы Қайрат Кадешев сол күні инспектордың рейдте болғанын хабарлады. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарып, Серік Мәженов пен тағы екі ер адам Бударин қорығында аң аулағанын, қаруды қайта жүктеу кезінде 44 жастағы ер адам абайсызда оқ атқанын және инспекторға оқ тигенін мәлімдеді. Ол кеудесінен жарақат алып, одан кейін қайтыс болды. Күдіктіге ҚР ҚК 104-бабы «Абайсызда адам өлтіру» бойынша айып тағылып, ол қамауда отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-11
Утром22.7 ℃
Днем35.3 ℃
Вечером34.51 ℃
Ночью27.11 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.96 м/с
2025-07-12
Утром23.98 ℃
Днем33.02 ℃
Вечером33.45 ℃
Ночью26.17 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.8 м/с