«Сирия сценариі», «қарулы шайқас» және Назарбаевтың «кемшіліктері». Тоқаевтың жаңа сұхбаты жарияланды

Алдын-ала жазылып, мемлекеттік «Қазақстан» телеарнасынан берілген сұхбатында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар көтерілісі, қамалғандарды азаптау, саяси реформалар, Ресеймен қарым-қатынас және басқа мәселелерді сөз етті. Бұл – Тоқаевтың қаңтар оқиғасынан бергі екінші телесұхбаты. Бұл жолы Тоқаев қазақ тілінде сөйледі. Президенттің бұдан бұрын «Хабар 24» арнасына сұхбатына қатысты көп сыни пікір айтылған еді, деп жазады Азаттық.

Сурет 24.kz

Қазақстан президенті сұхбатында қаңтар оқиғасы кезінде сырттан ұйымдасқан қылмыскерлер шабуыл жасады деген ойын тағы қайталады. Бұл жолы Тоқаев Сирияны мысалға келтірді және «қарулы шайқас» деген тіркес қолданды.

– Қарулы шайқастар Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылордада жүріп жатты. Елордада лаңкестердің дайындық жұмыстары байқалды. Олар тіпті Ақордаға шабуыл жасауға дайын болды, – деді президент.

Оның айтуынша, кейбір беделді сарапшылар «лаңкестер Қазақстанның басты екі қаласын басым алмақ болды» деген болжам жасаған. Бірақ Тоқаев сарапшылардың аты-жөнін атамады. «Бұл – Сириядағы сценарийге ұқсас жоспар» деді.

– Мыңдаған адам қаланы қиратып, нағыз террористік әрекеттерге барды. Бірақ, қазір бәрі жай ғана бейбіт азамат болып шықты. Бұған кім сенеді? Жалпы, лаңкестерді, қарақшыларды халық қаһармандары, батырлары деп айтуға болмайды. Бұл ешқандай шындыққа келмейтін жалған уәж, – деген Тоқаев әр іс әділ тергелетінін айтты. Бірақ Азаттық күдікті ретінде қамауда жатқандардың арасында қарапайым қызметкерлер, белсенділер, тіпті кәмелет жасына толмаған жас балалар бар екенін анықтаған.

Қазақстан билігі елдің түрлі қалаларында көтеріліс басталып, соңы қақтығысқа ұласқалы «шетелде дайындалған террористер мен содырлар шабуыл жасады» дегенді айтумен келеді. Бірақ әзірге президент те, басқа лауазымды адамдар да олардың қай елден шабуыл жасағанын нақты айтпады. Халықаралық ұйымдар Қазақстан билігінің «терроризм» сөзін орынсыз қолданғанын айтып сынаған. Ал Еуроодақ депутаттары Қазақстандағы жауапты шенділерге санкция салуға шақырған.

Журналист Қасым-Жомарт Тоқаевтан абақтыдағы азаптау туралы, соның ішінде Азаттық көп жазған талдықорғандық Азамат Батырбаевтың ахуалы жайлы сұрады.

– Ішкі істер министрлігі мен бас прокуратураға арнайы тапсырма бердім. Шаш ал десе, бас алатын әрекеттерге жол беруге болмайды ғой, – деген президент адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен қоғамдық комиссиялар әр іс бойынша жеке жұмыс жүргізіп жатқанын, олардың жұмысына өзі де араласпайтынын айтты.

«Аманат» комиссиясының қатысуымен абақтыдағы жаралы адамдар босатылып жатыр. Бірақ Алматы, Шымкент, Қызылорда, Талдықорғанда туыстары азапталып жатқанын айтып, шағымданып жатқандар көп.

Сұхбатта қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың деректерін жариялау мәселесі көтерілмеді. Тек Тоқаев бір сөзінде «халықтың көкейіндегі барлық сұраққа жауап беріледі» деп қысқа қайырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сұхбатта да экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «мемлекетті қалыптастырудағы рөлін жоғары бағалайтынын» айтты, бірақ оның жұмысына «объективті баға беру» керегіне де тоқталды.

– Тұңғыш президенттің кемшіліктері болса, оны жас басшыларға өсиет ретінде қарастыруымыз керек. Қаңтар оқиғалары еліміз үшін де, мен үшін де үлкен сабақ болды, – деді Тоқаев.

Мұнымен бірге ол халықтың көпшілігі кедей екенін, байлықтың «аз ғана топтың қолына берілгенін» және «идеологиядағы олқылықтарды» айтып, Назарбаевтың саясатын жанама түрде сынады.

Қаңтар оқиғалары басталғанда Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі төрағасы қызметін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан өз қолына алатынын мәлімдеген. Содан кейін бұрынғы президент ұзақ уақыт жұрт алдына шықпай кетті. Кейін парламент Назарбаевтың өкілетін азайтынын заң қабылдады. Көп ұзамай экс-президенттің туыстары лауазымды қызметтерінен кете бастады, ал мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева жыл басынан бері қызмет орнына келген жоқ.

Президент наурыздың ортасында халыққа жолдау арнап, саяси реформалар туралы жариялайтынын айтты. Бірақ әңгіме қандай реформа туралы екені ашық айтылмады. Тек келесі жылдан «пилоттық жоба ретінде» аудан әкімдерін сайлауды қарастыратынын айтты. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері сайлау және саяси партиялар туралы заңдарды өзгертіп, шынайы демократиялық өзгерістерге бастайтын саяси реформаларды қолға алуды бұрыннан айтып келеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-11
Утром23.39 ℃
Днем35.3 ℃
Вечером34.51 ℃
Ночью27.11 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.96 м/с
2025-07-12
Утром23.98 ℃
Днем33.02 ℃
Вечером33.45 ℃
Ночью26.17 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.8 м/с