Қазақстанда елге кірген кезде вакцинацияланғандар үшін міндетті ПТР-тест алынып тасталады. БҚО-да ковидпен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады
Егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған, елге келетін Қазақстан азаматтары үшін міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылды. Сондай-ақ, вакцинация паспорты Қазақстанда танылған шет мемлекеттердің азаматтарына кіруге рұқсат етілген.

Сондай-ақ ауру белгілері болмаған кезде байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау жойылады (Ashyq жобасынан «сары» мәртебені алып тастау).
БҚО-да ковид жұқтырғандар саны азайып келеді. Облыстың 14 инфекциялық стационарында қазіргі уақытта 174 пациент ем алуда. Өткен аптамен салыстырғанда жаңа науқастар саны 13,4% — ға азайды, — деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар АБДРАХМАНОВА.
Бүгінгі күні Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде 19 пациент бар,оның ішінде бір бала. Бөлімшенің төсек қоры 25% — ға толтырылған.
17 науқастың жағдайы ауыр, екеуі өте ауыр. Олардың бесеуі ӨЖЖ аппаратында.
18 науқас екпе алмаған, — деп атап өтті Абдрахманова.
