Орал әскерилері сағат алуға 45 миллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ (ВИДЕО)
№5515 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбаздары үшін құны 44 мың теңге болатын механикалық сағаттар сатып алынбақ.
25 ақпанда Мемлекеттік сатып алу сайтында Оралдағы №5515 әскери бөлімі жалпы құны 45 миллион 758 мың теңге тұратын 1025 қол сағатын 44 мың 642 теңге бағамен сатып алуға ниетті екендігі туралы хабарландыру жарияланды.
Қол сағаттарының сипаттамаларын сипаттауда олар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының нышаны салынған жеке қаптамада болуы тиіс деп айтылады. Олардың мөлшері: 42-45 ММ. жабыны: алтын жалатылған. Белбеу: шынайы былғары. Циферблаттың ортасына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының нышаны, артқы қақпағына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы салынуға тиіс. Сағаттың сыртқы түрі қатаң «классикалық» нұсқада болуы керек. Сағаттар жиынтығына: жеке қаптама, екі тілдегі техникалық ерекшелігі мен пайдалану сипаттамалары көрсетілген бұйымның паспорты, кепілдік талоны кіреді.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы 45 миллион теңгеден астам қаражат жұмсайтын қол сағаттары Батыс өңірінің мерзімді қызмет сарбаздарына арналатынын хабарлады.
– Бұл сағаттар мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған. Оралда қызмет ететіндер үшін ғана емес, бес облыс кіретін бүкіл батыс өңірінің сарбаздары үшін де, — деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат СҰЛТАНОВ.
Талғат Омаров,