Оралда полиция зейнеткердің өліміне қатысты егжей-тегжейлі мәлімет берді
Қылмыс болған жерді тексергеннен кейін полиция қылмыскердің қайтыс болған әйелдің алтын әшекейлерін ұрлап кеткенін анықтады.

Әңгіме, 9 наурыз, сәрсенбі күні сағат 18.30-да Зашаған кентіндегі «Кең дала» шағын ауданында орын алған қылмыс туралы болып отыр. Жеке сектордағы үйлердің бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 72 жастағы әйелдің денесі табылды. Қаскөйлер әйелдің мойнына көптеген пышақ жарақаттарын салған.
— Марқұмды оның баласы жұмыстан келгенде тапқан. Ол полицияға қоңырау шалды. Қылмыс орнын тексергеннен кейін қылмыскердің қылмыс орнынан алтын бұйымдарды: сырға, неке сақинасы мен алтын жүзікті ұрлағаны белгілі болды, — деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтан Шалдарбеков.
«Үйді тексеру кезінде қылмыскердің бірдеңе іздегені байқалды ма?»және» Үйден үлкен ақша жоғалып кетті ме?» деген сұрақтарға, Шалдарбеков үйдегі жалпы ештеңе бұзылмағанын және полицейлер үйден қомақты ақша жоғалып кеткенін анықтаған жоқ.
Шалдарбековтың айтуынша, қылмыскер марқұмның өзінде болған нәрсені ғана алған.
Полиция адамдарға есікті бейтаныс адамдарға ашпауын және қарапайым сақтық шараларын қолданылуын еске салды.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» және «Қарақшылық»деген екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмысты ашуға БҚО ПД барлық жеке құрамы бағытталған. Іс БҚО полиция департаменті бастығының ерекше бақылауына алынды.
Талғат Омаров
