Оралда зейнеткерді өз үйінде өлтіріп кеткен

Суретте: полиция марқұмның үйінің жанында жедел-тергеу әрекеттерін жүргізуде. Аталған қылмыс БҚО полиция департаменті бастығының ерекше бақылауына алынды.

Сәрсенбі, 9 наурыз күні сағат 18.30-да Зашаған кентіндегі «Кең дала» шағын ауданында үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 72 жастағы әйелдің денесі табылды. Егде жастағы әйелге мойын аймағына бірнеше пышақ жарақаттарын салған.

Марқұмның туысы әлеуметтік желілерде көршілеріне үйлерінің есіктерін жабу туралы ескерту туралы дыбыстық хабарлама таратты.

— Күндіз оны өз үйінде өлтірді. Бұл кезде барлық туыстар жұмыста, балалар мектепте болды. 72 жастағы әйел кімге керек? Кіру есіктерін жабыңыз, көпшілік қазір жеке үйлерде тұрады», — дейді әйел хабарламада.

БҚО ПД баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» және «Қарақшылық»деген екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

— Аталған аса ауыр қылмысты ашуға БҚО ПД барлық жеке құрамы бағытталған. Осы қылмыстарға қатысы бар адамдардың тізімі әзірленуде. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды, — деп хабарлады полициядан.

Полицейлер аталған қылмыстық іс БҚО полиция департаменті бастығының ерекше бақылауына алынғанын атап өтті.

Талғат Омаров

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-19
Утром19.56 ℃
Днем28.06 ℃
Вечером26.63 ℃
Ночью21.11 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра9.77 м/с
2026-05-20
Утром16.69 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером27.76 ℃
Ночью20.64 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.62 м/с