Экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалды ұсталды

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 13 наурызда «Қазақтелеком» АҚ қомақты қаржысын жымқырды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен Қайрат Сатыбалды(ұлы)ның ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады, деп жазады Азаттық.

«Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін өзге де қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр» де жазылған агенттік хабарламасында.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі 51 жастағы Қайрат Сатыбалдыұлы «Kaspi.kz» АҚ негізгі акционерлерінің бірі (30%), Alatau Capital Invest арқылы «Қазақтелекомда» үлесі бар.

Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталған сәтінің фотосы  Sputnik Қазақстан telegram 

Әр жылдары мемлекеттік қызметте істеген. 2000 жылдары Астана қаласы (қазіргі – Нұр-Сұлтан) әкімінің орынбасары, «KazakhOil» компаниясының вице-президенті, «Қазақстан темір жолы» компаниясының бірінші вице-президенті болған. 2010-2015 жылдары ағасының — президенттіктен кетсе де, билікке ықпалын сақтауға тырысқан бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясында хатшы болды.

Forbes журналы 2018 жылы оны Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына жатқызған. Журнал сол жылы оның байлығын 163 млн долларға бағалаған.

Бұған дейін оның есімі офшор құжаттары әшкереленген кезде аталған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем21.45 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с