Орал мүгедектерді қолдау орталығы бір жыл ішінде айналасындағылардың қолдауына мұқтаж ондаған адамды жинады (ВИДЕО)
«Tenqogam» орталығында оларға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіліп қана қоймайды. Орталық мамандары мүгедектің өмірі оның пәтерінің қабырғасымен бітпейтініне сенімділік береді, мұнда мүмкіндігі шектеулі әрбір адамға толыққанды өмір сүруге – қарым-қатынас жасауға, жұмыс табуға, шығармашылықпен айналысуға баға жетпес мүмкіндік беріледі.

«Tenqogam» әлеуметтік қолдау орталығы осыдан бір жыл бұрын – 2021 жылдың шілдесінде ашылды, бірақ ол мүмкіндігі шектеулі адамдардың сүйікті орнына айналды. Өйткені орталықта өзінің аурулары мен өмірлік жағдайларына байланысты нашар көретін немесе мүлдем естімейтін, мүгедектер арбасында жүретін адамдар үшін қолайлы орта жасалған. Бүгінгі күні орталықта атап өткендей, Оралда 9 мыңға жуық мүгедектігі бар адам тұрады.
— Орталыққа жүгінген мүмкіндігі шектеулі адамдар әлеуметтік сала мамандарынан кеңес, мемлекеттік және өзге де қызмет түрлерін алу үшін құжаттарды ресімдеуге, әлеуметтік төлемдерді алуға көмек ала алады, — дейді «Tenqogam»әлеуметтік қолдау орталығының директоры Абзала Молдағалиева. – Сондай-ақ, бізде әлеуметтік, психологиялық мәселелер, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңесшілер, әкімші және әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман жұмыс істейді.

Отыздан астам мүгедек күн сайын осында келіп, бос уақытын тиімді өткізеді. Ол үшін орталық ғимаратында конференц-зал, үстел теннисі, шахмат, дойбы бойынша ойын алаңдары орналасқан, Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылған.

Эльмира Жантурина «Tenqogam» орталығындағы «Көңілді клубочкалар» клубына барады. Эльмира көру қабілеті бойынша 1 топтағы мүгедек. Оған қоса, «Көңілді клубочкалар» клубында онға жуық қыз бар. Қыздардың өз қолдарымен жасалған барлық қол бұйымдары сатылымға шығады, ал алынған ақшаға клуб мүшелері жаңа жұмыс үшін материалдар сатып алады. Эльмираның өмірі орталыққа бара бастағанда өзгерді. Өйткені, орталықта ол пікірлес адамдарды тауып, тоқуды үйренді. Орталықтың арқасында ол өзіне қажетті көмек алды, ашық болды, уақытты пайдалы және қызықты өткізді.

«Tenqogam «әлеуметтік қолдау орталығының мекен-жайы: Орал қаласы, М.Ықсанов көшесі, 46/1 үй. Байланыс телефоны: 8 (7112) 51-99-99, 8 702-978-43-37.

Серік ЕСЕНОВ
Фото және видео Еркебұлан Гапуов
