Оралда «Жұлдыз» қайырымдылық қоры Украина балаларына гуманитарлық көмек жинауды жалғастыруда (ВИДЕО)
Балаларға көмек жинау 14 наурызда басталды. Памперстердің алғашқы партиясы және балаларға қажет барлық заттар сатып алынды. «Жұлдыз» қорының менеджері Данара Идирисова гуманитарлық көмек жинау қалай өтіп жатқанын және балалар шұғыл мұқтаж болатын тұрғындар бірінші қажеттіліктегі қаражатты қайда ала алатынын айтып берді.
– Қымбатты достар, «Жұлдыз» қоры мен Орал еріктілері балаларға көмек жинауды жалғастыруда. Мен біздің облыста көмек көрсеткісі келетін бей-жай емес адамдар көп екенін білемін. Біздің көптеген тұрғындар бастаманы қолдап, бізбен бірге Қазақстан – Украина балаларына жақсылық тізбегін құруды жалғастырды, – деді Данара Идирисова.
Ол келіп түскен барлық көмек жиналып, жәшіктерге салынып, Украинаға жөнелтуге дайындалатынын атап өтті. Онда басқа еріктілер оны мұқтаж адамдарға таратады.
Сондай-ақ, қор менеджері 4,5,6,7 шағын ауданда тұратын тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қосымша жинау пункті ашылғанын айтты. ⠀⠀⠀
Балаларға ең қажетті құралдар: памперстер, жылы көрпелер, тамақ, су, дәрі-дәрмектер, гигиена заттары, жылы киім мен аяқ киім шұғыл қажет.
Жиын қай жерде өтеді:
Гуманитарлық көмек жинау пункттері мына мекен-жайларда орналасқан:
Кердері көшесі 138, «Жұлдыз» ҚҚ кеңсесі. Тел: 8 702 723 45 11
4 ш / аудан, 27/2 үй «Передышка»отбасын қолдау орталығы
Тел: 8 771 867 77 02