БҚО полициясы Зашағанда зейнеткерді өлтіру кезінде видеоға түскен әйелді іздестіруде

Полицияның мәліметінше, әйел Зашаған кентінде 2022 жылғы 9 наурызда жасалған қылмысқа қатысы болуы мүмкін.

Полицейлер бейнежазбаны таратып, видеодан әйелді таныған облыс тұрғындарынан полицияға жүгінуді сұрайды. Полицейлердің ақпараты бойынша, әйелді 2022 жылғы 9 наурызда Зашаған кентінде 72 жастағы әйел өлтірілген үйдің жанында бейнекамералар тіркеген.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтан Шалдарбековтың айтуынша, полицейлер видеода әйелдің қатыгез кісі өліміне қатысы барын жоққа шығармайды.

БҚО ПД видеосы.

– 35-45 жастағы әйел, бойы 165-170 сантиметр, дене бітімі орташа, жүрген кезде ақауы бар-әйел сол аяғына ақсаңдайды. Егер біреу осы видеода әйелді таныса, полицияға хабарласуды сұраймыз. Құпиялыққа кепілдік береміз, – деді Шалдарбеков.

Әңгіме 9 наурызда сағат 18.30-да Зашаған кентіндегі «Кең дала» шағын ауданында болған қылмыс туралы болып отыр. Жеке сектордағы үйлердің бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 72 жастағы әйелдің денесі табылды. Шабуылдаушы мойын аумағына көптеген жарақаттар салған. Қылмыскер алтын бұйымдарды ұрлаған: сырғалар, неке сақинасы және алтын сақина.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» және «Қарақшылық»деген екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Егер сіз әйелді видеодан білсеңіз, БҚО полиция департаментінің қызметкерлері қоңырау шалуды сұрайды: 8 701 849 01 01, 8 702 934 29 25, 8 (7112) 98 45 30, 102.

Құпиялылыққа кепілдік беріледі. Осы қылмысты ашуға ықпал ететін ұсынылған ақпарат үшін адам көтермелеуге ұсынылатын болады.

Талғат Омаров

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-08
Утром-12.02 ℃
Днем-7.95 ℃
Вечером-8.27 ℃
Ночью-9.56 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.3 м/с
2025-02-09
Утром-11.77 ℃
Днем-6.57 ℃
Вечером-7.73 ℃
Ночью-9.24 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.68 м/с