Beeline Батыс Қазақстанда мобильді интернеттің жылдамдығын арттырды
Beeline 2021 жылы еліміздің батыс аймағындағы байланысты жақсарту және желісін жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Мысалы, былтыр Beeline желісі Үлкенеңбек (Теректі ауданы), Жұлдыз (Қазталов ауданы), Достық (Бөрілі ауданы), Қарағаш (Шыңғырлау ауданы) кенттерінде пайда болды. Сондай-ақ ұялы байланыс операторы LTE қабаттарын қосу арқылы аймақтағы қолданыстағы 25 станцияны жаңартты. Ал Чапаево ауылында озық FWA (Fixed Wireless Access) технологиясы іске қосылды. Бұл радиосигналдарды пайдалануға негізделген және жылдамдығы секундына орта есеппен 30-дан 50 мегабитке дейін жететін тұрақты сымсыз үй интернеті.
Сондай-ақ, өңірде «250+» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы 50-ге жуық елді мекенде 3G қызметі іске қосылып, қосымша 4G желісі таралғанын атап өткен жөн. Мәселен, компания Ақжайық ауданы Ақсуат ауылы мен Бөрілі ауданы Достық ауылының тұрғындарын кең жолақты интернетпен қамтамасыз етті. Ал Бөкей Ордасы ауылында желінің таралымын жақсартты.
Компания өкілдерінің айтуынша, жақын арада Батыс Қазақстанның 60-тан астам ауылында Beeline-ның 4G пайда болады. Бұл – компанияның соңғы бір жылда жүргізген белсенді дайындықтарының нәтижесінде іске асады. Компания мамандары облыстың бірқатар елді мекендерінде 4G желісін іске қосу үшін барлық техникалық жағдайды жасап, дайындап қойған, атап айтқанда, ұзындығы 3 шақырымнан асатын 10 қосымша радиорелелік және талшықты-оптикалық байланыс желісін салған. Бұл 60-тан астам ауылдың тұрғындары жақын арада жылдамдығы жоғары мобильді интернетті оқу, жұмыс және демалыс үшін пайдалана алады деген сөз.
«Біз желіні үнемі дамытып, байланыстың да, сондай-ақ инфрақұрылымның да сапасы мен сенімділігін арттырамыз. Қазіргі заманда интернет сән-салтанат емес, өмірлік қажеттілік. Біз оны барлығына қолжетімді етуге белсенді түрде тырысып жатырмыз», – дейді Beeline-ның Оралдағы техникалық бөлімінің бастығы Виктор Холопов.
Мобильді оператордың 2021 жылғы статистикасы бойынша БҚО-да Beeline абоненттерінің 76% мобильді интернетті пайдаланады. Компанияның Оралдағы абоненті орташа есеппен айына 17 ГБ трафик тұтынады, бұл 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 18%-ға артық.
Алдағы айларда LTE желісі енгізілетін аудандардың толық тізімі келесідей: Бөкейорда ауданы; Казталов ауданы; Ақжайық ауданы; Бөрілі ауданы; Жанғала ауданы; Жәнібек ауданы; Бәйтерек ауданы; Қаратөбе ауданы; Сырым ауданы; Теректі ауданы; Шыңғырлау ауданы және Тасқала ауданы.
Естеріңізге сала кетейік, Ranking.kz деректеріне сүйенсек, Қазақстан арзан мобильді интернеті бар 10 елдің қатарына енді. Мобильді интернеттің сапасы бойынша Қазақстандағы №1 байланыс операторы Beeline (Vigo мәліметтері бойынша). Бүгінгі таңда Beeline Қазақстанда 10 миллионға жуық абонентке қызмет көрсетеді және Қазақстандағы ең ірі 30 салық төлеушінің бірі.
жарнама ретінде