Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді

«Орал» халықаралық әуежайының атауы Мәншүк Мәметова атындағы әуежай деп өзгертіледі. Тиісті үкімет қаулысына премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

«Орал» халықаралық әуежайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке Мәншүк Мәметованың есімі берілсін», – делінген құжатта.

Қаулы ресми түрде алғаш жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Былтыр күзде қоғам белсенділері мен облыстық мәслихат депутаттары әуежайға Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімін беруді ұсынған болатын.

Мәншүк Мәметова – Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан) тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ қызы.


Ол Қызыл Армияда пулеметші болды. Мәншүк Мәметова соңғы шайқаста 70-тен астам қарсыластың көзін жойып, 1943 жылдың күзінде қаза тапты. Оған қайтыс болғаннан кейін Кеңес одағының батыры атағы берілді.

Ал, Орал қаласының жаңа әуежайы 2022 жылдың сәуір айынан бастап жолаушыларға қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта Орал халықаралық әуежайы нысанды ХҚКО-да жеделдетілген әдіспен тіркеу рәсімінен өтуде. Әуежайды «Ақжайық»ӘКК уақытша иеленеді.

Бұл туралы «ОА» тілшісіне «Ақжайық» ӘКК құрылыс департаментінің бас менеджері Ақжол Охасов хабарлады.

«Қазір біз жеделдетілген рәсім бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ порталы арқылы аяқталған құрылыс объектісін тіркеу рәсімін жүргізудеміз. Жаңа терминал ғимаратының құрылысы 100% – ға аяқталды. Бұған дейін терминал Жаңа жылға қарай ашылмақшы болған, алайда Қытайдан жабдықтарды жеткізудің кешігуіне байланысты лифтілерді орнатып үлгермеген. Сонымен қатар, біз ҚР Азаматтық авиация комитетінен стратегиялық нысанды пайдалануға қабылдау бойынша қажетті рұқсаттарды алу рәсімінен өттік. Қазір әуежай «Ақжайық» ӘКК балансында болады, болашақта оны кім иеленетіні белгісіз», – деп хабарлады Ақжол Охасов.

БҚО әкімінің баспасөз хатшысы Нұрхат Жанбоз әзірге жаңа әуежайдың иесі кім болады деген мәселе бойынша түпкілікті шешім жоқ екенін растады.

«Сірә, бұл «Орал халықаралық әуежайы»ЖШС — нің бұрынғы иесі болар», – деп түсіндірді Нұрхат Жанбоз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-02
Утром-0.86 ℃
Днем0.47 ℃
Вечером-2.01 ℃
Ночью-0.3 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.94 м/с
2024-12-03
Утром-0.63 ℃
Днем1.09 ℃
Вечером0.13 ℃
Ночью-1.58 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра3.6 м/с