«Орал қаласының бірқатар аудандарын еріген су басу қаупі бар — БҚО ТЖ департаменті
Еріген су басу «Жазира» ауданында, «Жұлдыз» шағын ауданында, Курениде, Селекционныйда, Деркөл кенттерінде, 2-ші Жұмысшы кентінде және Елизаров көшесіндегі үйлерде мүмкін болады, – деп хабарлады БҚО ТЖД ескерту басқармасының бастығы Нұралы МУСИЕВ.

— Қазір күрт жылынып кетті, бұл қалған қарды жылдам еріте бастайды. Биыл жауын-шашын көп болды, сондықтан еріген судың жеке үйлерге кіру ықтималдығы жоғары. Сақ болу керек, – деді Нұралы Мусиев.
Тақырып бойынша оқыңыз: Оралда наурыз айының басынан бастап нормадан екі есе көп қар жауды
Оның айтуынша, жеке үйлерді су басу кейде ешқашан су баспаған аудандарда да болады.
— Осы кезеңде жеке сектордың барлық аудандары БАҚЫЛАУДА. Көбінесе Жазира ауданында, Жұлдыз шағын ауданында, Курениде, Селекционныйда, Деркөл, 2-ші жұмысшы кенттерінде және Елизаров көшесіндегі үйлерде су басу орын алады, — деп атап өтті Нұралы Мусиев.
Егер сіздің үйіңізге еріген су кіре бастаса, қайда қоңырау шалу керек:
Коммуналдық қызметке немесе ТЖД қызметіне
109 және 112 телефондары бойынша
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тұрғындар аулаға және үйге су кіргенше күтпеуі керек деп ескертеді.
– Қызмет қызметкерлері келіп, суды сорып алу үшін дереу қоңырау шалған дұрыс. Тек осылай ғана су басудың күрделі жағдайын болдырмауға болады, – деп атап өтті Нұралы Мусиев.
Мария ДРАЧЕВА