Қазақстандықтар Ресейге кірген кезде коронавирусқа тест тапсырмауға болады
Бұл туралы Ресей Федерациясының Бас санитарлық дәрігерінің шешімінен белгілі болды.

«Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің (соның ішінде Қазақстанның) Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кіретін азаматтары коронавирусқа тест тапсырмауы және тиісті сауалнаманы толтырмауы мүмкін.»
№ 10 қаулы 30.03.2022 ж.шығарылды және ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінің сайтында 1 сәуірде жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, 30 наурыздан бастап Қазақстан азаматтары РФ Үкіметінің өкіміне сәйкес Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы еркін кіре алады.
1 сәуірге дейін РФ шекарасынан өткен кезде ПТР тестінің болуы қазақстандықтар үшін міндетті болды.
Мария ДРАЧЕВА
