БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға келтірілген залалды қалай өтейді
Облыс аудандарында орын алған су тасқыны – табиғи сипаттағы төтенше жағдай, соның салдарынан су басқан кенттерде тұратын ондаған отбасы зардап шекті. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңы негізінде зардап шеккендерге келтірілген залал өтеледі. Төлемдер сомасы азаматтар өздерінің ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатындай етіп жасалған.

ҚР Үкіметінде залалды өтеу қағидалары мен тәртібі айқындалған. Жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражатынан төлемдер ТЖ салдарын жоюға көзделген.
1. Материалдық залал шеккен зардап шеккен адамдар аудан әкімдіктеріне нысан бойынша толтырылған материалдық залалды өтеу туралы өтінішті қосымшасымен (зардап шеккен адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі) ұсынады. Бұдан басқа, өтініш беруші табиғи сипаттағы ТЖ туындаған сәттен бастап немесе ТЖ жою кезеңінде зардап шеккен адамның жоғалған немесе бүлінген мүлкінің тізбесін қоса береді. Тізбе үшін негізгі құжаттар: жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі, үй жануарларына вет. анықтама және паспорт.
Маңызды! Өтінішті ТЖ туындаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ұсыну керек.
Маңызды! Қағидалар жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстарға, шаруашылық-тұрмыстық және басқа да құрылыстарға, сондай-ақ заңсыз салынған объектілерге қолданылмайды.
2. Аудан әкімдігі өтінішті тіркейді және 15 жұмыс күні ішінде қарайды.
3. Аудан әкімдігі 10 жұмыс күні ішінде тәуелсіз бағалаушыда келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды ұйымдастырады.
4. Зиянды бағалағаннан кейін әкімдік 3 жұмыс күні ішінде қаражат бөлу туралы шешім шығарады.
5. Зардап шеккендерге төлем жасау үшін 30 күнтізбелік күн қарастырылған.
6. Қажетті қаражат болмаған жағдайда, аудан әкімдігі толық құжаттар пакетін ұсына отырып, ТЖД-ға өтініш жасайды. ТЖД тізбеге сәйкес ұсынылған материалдардың дұрыстығы мен толықтығын тексереді және БҚО ҚҚ-ға жолдайды (ТЖ кезіндегі құжаттар тізбесі ҚР ТЖМ 14.04.2021 ж. №170 бұйрығымен бекітілген). Бұл жағдайда мерзімдер қарастырылмаған.
7. БҚО ҚД қолдаухатты 5 жұмыс күні ішінде қарайды.
Маңызды! Қағидаларда көзделмеген басқа шығыстарды өтеу бюджеттен тыс қаражат (қорлар, жеке тұлғалардың және ұйымдардың демеушілік және қайырымдылық қаражаты) есебінен мүмкін болады.
Облыстық резервтен 1,4 млрд теңге бөлінді:
ТЖ жоюға – 513 млн;
шұғыл шығындарға — 890 млн;
сот шешімі бойынша – 17,8 млн.
Аудандардағы жалпы резерв-426,6 млн теңге. Оның ішінде: Ақжайық – 10,1; Бөкей ордасы – 10,1; Бөрлі – 66,4; Жаңақала – 28,0; Жәнібек – 11,7; Бәйтерек – 38,2; Казталов – 23,4; Қаратөбе – 4,9; Сырым – 5,2; Тасқала – 13,6; Теректі – 31,0; Шыңғырлау – 5,5; Орал – 178,5.
Мария ДРАЧЕВА
