Оралда зейнеткерді өлтірді деген күдікті қамауға алынды

Орал қаласының полицейлері 72 жасар зейнеткерді өлтірді деген күдікпен 35 жастағы әйел адамның қамауға алғанын мәлімдейді. Зейнеткер өз үйінде көптеген пышақ жарақатынан көз жұмған еді.

«ОА» мұрағатынан.

Полиция қылмыстың қоғамдық резонанс тудырғанын атап өтті. Тергеушілер кісі өлтіру түскі уақытта, жәбірленуші үйде жалғыз болған кезде жасалғанын анықтады.

«Үйдегі заттар қозғалған. Өлтіруші қолғапты қолданып, қылмыстың іздерін жасыруға тырысқан. Тікелей куәгерлер мен көргендер болған жоқ», – деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтан Шалдарбеков.

Полицейлер қылмыстық әрекеттің себептері мен мақсаттарын әлі білмейтінін атап өтті. Жәбірленуші ештеңемен ерекшеленбеді, ешкіммен қақтығыспаған.

«Қылмыс болған жерде 700-ден астам үй аулаларын аралап, 21 күнде 1 мың адам сұрастырылды. Нәтижесінде Орал қаласының 35 жастағы тұрғынының осы қылмысқа қатысы бар екендігі туралы нақты мәліметтер алынды. Ол бұрын сотталмаған және ішкі істер органдарында тіркелмеген. Ұсталғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Қанды киім, пышақ және басқа да дәлелдер табылды», – деп атап өтті полиция.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соттың санкциясымен ол 2 айға қамауға алынды.

Еске салайық, кісі өлтіру 9 наурызда болды. Марқұмнан сырғалар, неке сақинасы және алтын жүзік жоғалды. Үйдегі қалған заттар орнында болды. Біраз уақыттан кейін полиция күдікті қылмыскердің фотороботы мен бейнесін таратты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-23
Утром13.41 ℃
Днем18.88 ℃
Вечером20.88 ℃
Ночью15.94 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.88 м/с
2025-06-24
Утром16.02 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером23.89 ℃
Ночью19.6 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.66 м/с