БҚО-мен шектесетін Ресей ауылында су бөгеті бұзылды
БҚО-мен шектесетін Ресейдің Орынбор облысы Пустобаев ауылында су қоймасындағы бөгет бұзылды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 12 сәуір сағат 16.40-та болғаны жөнінде Орынбор облысы бойынша ТЖ министрлігі бас басқармасының дағдарыс жағдайында басқару орталығы хабарлаған.

Қоймадағы су көлемі шамамен 8 млн текше метрді құрайды. Шайылған бөгеттің ені – 7-8 метр. Су Елтышевка, одан Жайық өзеніне құйылады. Жайық өзені Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Чинарев ауылының жанымен ағады.

Чинарев ауылында 1 мектеп, 1 медпункт, 1 шекара заставасы, 82 үй бар, мал басын есептемегенде, 223 адам тұрады. Елді мекенге әзірге қауіп төніп тұрған жоқ.

Тасқын судың алдын алу бағытында Чинаревқа арнайы техникалар мен құтқарушылар, жауапты адамдар жіберілген.

04 сағат. 00 мин. жағдай бойынша елді мекен сумен қоршалған, үйлерді су басқан жоқ. Ауылда тіркелген 223 адамның қазіргі уақытта 150-і тұрады. Чинарево кентінде БҚО ТЖД күшімен Январцево кентіндегі ауылдық мәдениет үйіне 20 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Кунг автокөлігінде 11 адам бар, оның ішінде 9 қарт және 2 бала. Қалған 119 адам өз бетінше эвакуацияланды, туыстарына орналастырылды. Ауылда эвакуациядан бас тартқан 4 адам (ерлер) қалды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл ішінде ұзындығы 50 метр бөгет нығайтылды.
Қазіргі уақытта 3 бақылау бекеті орнатылды. 3 учаскеде жұмыстар жүргізілуде: 215 метрге 1185 қап төселді.
Ауыл ішінде өзен арнасы бойынша судың өтуіне бақылау жүзеге асырылуда. Бөгетті қалпына келтіру бойынша шамамен жер жұмыстары бүгін, 13 сәуір сағат 10.00-ге жоспарланған.
РФ Орынбор облысы Ташла ауданы Пустобаево ауылындағы су қоймасындағы бөгеттің шайылуына байланысты және Бәйтерек ауданының аумағымен шектесетін (Чинарева) БҚО ТЖД жедел желі телефоны ашылды ️ телефон нөмірі 8 (711 2) 55-40-88
Су шайған бөгеттің суреттері БҚО ТЖД алынды.
