Оралда пара алды деген күдікпен көші-қон полициясы бөлімінің бастығы ұсталды

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде қалалық полицияның көші-қон бөлімінің бастығы Қанат Мұқановтың ұсталғаны расталды. Алдын ала ақпарат бойынша, Мұқанов 50 мың теңге көлемінде пара алған кезде ұсталған.
Жедел ақпарат бойынша, Мұқанов дүйсенбі күні 11 сәуірде ұсталған. Подполковник анықтаманы жедел бергені үшін ақша алды деп күдіктелуде. Қазіргі уақытта ол Орал қаласының УҰИ — да орналасқан.
Полиция департаменті өз әріптесінің ұсталғаны туралы түсініктеме бере алмайтындықтарын хабарлады және БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жүгінуді сұрады. Антикорада бізге Мұқановты ұстау фактісі расталды, бірақ толық мәлімет берген жоқ.
БҚО сотының баспасөз қызметі бұл істің материалдары тергеу сотына әлі түспегенін хабарлады.
Талғат Омаров
