Оралда студенттік жатақхана жанжалмен салынуда
Оралда үшінші жыл Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттік жатақханасы салынуда. Нысанның құрылысы сот процестеріне байланысты мезгіл-мезгіл тоқтап қалды. Жақын орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындары нысанның құрылысымен келіспейді, деп хабарлайды Kazakh24.info тілшісі.

500 орындық тоғыз қабатты жатақхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы 2019 жылы әзірленді. Жобаның құны 1,6 млрд теңгені құрады. 2020 жылы ғимараттың құрылысы басталды. Жұмысты 12 айда аяқтау жоспарланған болатын. Бірақ бұл жерде ойлағандай болмады. Коронавирустық пандемия басталды. Сонымен қатар, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мұндай көршімен келіспеді және сотқа берді. Бұл ретте жатақхана аумағында қазандық үшін орын көзделмегені анықталды. Сондықтан өткен жылы құрылыс тоқтатылды.
«Жергілікті тұрғындармен болған сот талқылауы құрылысты баяулатты. Қазір нысан бойынша сот шешімі бар, сондай-ақ іс Жоғарғы сотта қаралуда. Жақында құрылыс қайта жанданды. Біз жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізуді жоспарлап отырмыз», – деді М. Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры Нұрлан Серғалиев.
Мердігер ұйымның директоры объектіні жыл соңына дейін аяқтай алатынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары көлемінің жартысы орындалды. Осы уақытқа дейін өтемақы төленген жағдайда ғана өз үйлерін босатуға дайын жергілікті тұрғындармен болған сот дауына нүкте қойылған жоқ.
«Біз авторлық қадағалаудан объектіні салуды жалғастыруға рұқсат алдық. Олардың құрылысқа тапсырыс берушімен дау – дамайы болды. Жоба түзетуді қажет етеді. Қазандықты қарастыру қажет. Егер ешқандай кедергі болмаса, нысанды жаңа жылға дейін тапсыра аламыз», – деді мердігер ұйымның басшысы Бекболат Шканов.
Айта кетейік, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті республикадағы ең көне оқу орындарының бірі. Онда 5 мыңға жуық студенттер мен магистранттар білім алуда. Жатақхананы пайдалануға беру кезінде ЖОО студенттер үшін жатақханалардағы орын тапшылығын минимумға дейін қысқартуды жоспарлап отыр.