«Кублей» зауытының 2500 жұмысшысы «Циолковский» ТК заңсыз құрылысына қарсы митинг өткізбек

Зауыт ұжымы қала әкімдігіне осы жылдың 22 сәуірінде Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова алаңында бейбіт жиын өткізу туралы хабарлама жіберді. Билік бүгінгі күні өтінішке жауап береді.

«Кублей» консерві зауытының ұжымы — жалпы 2500 адам — Орал әкімі Абат Шыныбековтің атына 2022 жылғы 22 сәуірде Мәншүк Мәметова (Батыр қыздар) алаңында бейбіт жиын өткізу туралы хабарлама берді. Бұл туралы зауыт мүддесін қорғайтын заңгер Бақытжан Базарбек мәлімдеді.

Жиналыстың мақсаты » «Кублей» ЖШС зауыты жұмыс ұжымының құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ» Кублей» консерві зауытының құқығын зауыттың санитарлық-қорғау аймағы шегінде Орал қаласының өнеркәсіптік аймағының көп пәтерлі тұрғын үйлерін заңсыз салудан қорғау» болып табылады.

Зауыт ұжымы дыбыс күшейткіш құралдар мен плакаттарды пайдалануға ниетті және қала әкімшілігінен инфрақұрылымды (биодәретхана, электр қуаты, дыбыс күшейткіш техникалық құралдар) қамтамасыз етуді, сондай-ақ полициямен бірлесіп, жиналыс өткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеді.

Орал әкімдігінде мәлімдегендей, бүгін, 19 сәуір күні жұмыс күнінің соңына дейін өтінішке ресми жауап беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Кублей» зауытының санитарлық-қорғау аймағында салынған «Циолковский» ТК төңірегіндегі жанжал екінші жыл жалғасуда. Билік заңсыз салынған ғимараттарды бұзу туралы сот шешімін орындаудан бас тартуда.

Ақмарал ШАЯХМЕТОВА

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-19
Утром15.11 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером20.99 ℃
Ночью16.49 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 997
Скорость ветра5.35 м/с
2025-06-20
Утром14.24 ℃
Днем19.93 ℃
Вечером21.98 ℃
Ночью15.74 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 998
Скорость ветра9.94 м/с