БҚО-дағы Ақсай тас жолының 36 шақырымын жөндеуге 20,4 млрд теңге бөлінді

Біз «Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы» тас жолының учаскесін қайта құру жобасын жүзеге асыру туралы айтып отырмыз. Шұңқырлармен, шоқалақтарға толы Ақсай тас жолы ақыры ретке келтіріле бастайды деген жаңалық жұртшылықты қуантты. Бірақ адамдар тағы бір сұраққа алаңдайды: жолды күрделі жөндеу неге соншама қымбат? «ҚазАвтоЖол» ҰК «ОА»-на мұндай ақшаны қайта құрудың неліктен қажет екенін түсіндірді.

Бірнеше күн бұрын «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» тас жолының 36 шақырымын қайта жаңартуға мемлекеттік тапсырыс өткізу туралы хабарландыруды «ҚазАвтоЖол»ҰК Батыс Қазақстан филиалы жариялаған болатын. Жобаның құны-20,4 млрд теңге, әлеуетті мердігерлерден өтінім қабылдау жалғасуда.

Қоғам жобаның қымбаттығына наразы, әлеуметтік желілерде адамдар мұндай ақшаға жол учаскесін қайта құрып қана қоймай, нөлден бастап автомобиль жолын ( бетон қоршауы бар) салуға болады деген пікір айтады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі хабарлағандай, қайта құру жобасы бойынша жалпы ұзындығы 144 км трассаны қайта жаңартуды бастау үшін барлық қажетті дайындық рәсімдері жүргізілді.

«Аталған учаскенің құнына: қолданыстағы жолды толық бөлшектеу, жаңа 100 су өткізу құбырын салу, 5 көпірді қайта жаңарту, 2 жаңа көлік айырымын, 14 мал айдау орны, 4 демалыс алаңын салу және жол төсемінің жаңа конструктивті қабаттарын салу арқылы жолды қайта жаңарту кіреді. Сонымен қатар, құрылыс құнына жалпы Батыс қазақстан облысы бойынша тас карьерлерінің жоқтығы да әсер етеді. Тиісінше, жол-құрылыс материалдарының барлық көлемі сырттан әкелінеді. Естеріңізге сала кетейік, материалдар көршілес Ақтөбе облысынан жеткізіледі», – деп түсіндірді «ҚазАвтоЖол»ҰК баспасөз қызметі.

Ведомство қайта жаңартудан кейін тас жол III-ден ІІ техникалық санатқа ауысатынын атап өтті. Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы «Мемсараптама» РМК-мен бекітілген. Жолдағы жұмыстар биыл басталып, 2025 жылы аяқталады.

Ақмарал ШАЯХМЕТОВА

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-07
Утром3.47 ℃
Днем4.6 ℃
Вечером4.23 ℃
Ночью1.91 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.55 м/с
2026-11-08
Утром2.16 ℃
Днем2.55 ℃
Вечером0.17 ℃
Ночью-2.19 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.31 м/с