Бөрлі ауданының әкімі тағайындалды

Қала әкімі лауазымына тағайындалған Бөрлі ауданының бұрынғы әкімі Миржан Сатқановтың орнына Ихсанов Еркебұлан барды.

ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Бөрлі ауданының әкімі лауазымына Еркебұлан Нұретдинұлы тағайындалды.

Ихсанов Еркебұлан Нұретдинұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2003 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясын экономист мамандығы бойынша және 2013 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Казталов ауданының халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің статисті болып бастаған.

Әр жылдары:

— БҚО еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы;

— БҚО мәдениет басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы;

— БҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бас маманы және бөлім басшысы;

— Орал қаласы қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Бүгінгі күнге дейін Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-16
Утром3.99 ℃
Днем11.01 ℃
Вечером12.47 ℃
Ночью8.76 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.11 м/с
2026-04-17
Утром5.29 ℃
Днем13.33 ℃
Вечером14.75 ℃
Ночью9.58 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.01 м/с