«Bek Air» еншілес компаниясы Орал әуежайын басқарудан шығады
Билік Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова әуежайының барлық активтерін сенімді басқаруға беру бойынша жаңа инвесторлармен келіссөздер жүргізуде. БҚО әкімдігінде әлеуетті басқарушы компанияның деректерін жарияламауды жөн көреді.
Бұл туралы бүгін, 5 мамырда облыс әкімі Ғали Есқалиев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
– 2018 жылдан бастап «Ақжайық» ӘКК әуежай терминалына иелік етеді. Рульдеу жолы, перрон, әкімшілік ғимарат және жер бұрынғы жеке меншік компанияға («Орал халықаралық әуежайы» ЖШС — енді жойылған «Bek Air» компаниясымен үлестес болған — автор. ескерт.). Қазір бұл компания кетіп, өз активтерін сатады. Біз қазір әуежайды басқаруға беру бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан жаңа инвестор ішкі және сыртқы рейстер бойынша бағыттарды кеңейтумен айналысады, — деді Ғали Есқалиев.
Сондай-ақ, БҚО әкімі терминалды қайта құру кезінде әуежайды жаңарту аяқталмағанын атап өтті. Болашақта ұшу-қону жолағын кеңейту, қонақ үй кешенін салу және мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін терминалдың қолжетімділігі бөлігіндегі ақауларды жою жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын Оралда құны 6,6 миллиард теңге болатын әуежайдың жаңадан салынған терминалы таныстырылды. Мұндағы барлық құрылыс-монтаж жұмыстары әлеуметтік инвестициялар аясында бөлінген КПО б. в. компаниясының қаражаты есебінен төленді. Ашылған кезде әуежайға Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілді.
Ақмарал ШАЯХМЕТОВА