БҚО тұрғыны 10 айдан бері табылмай жатыр

Марат Шурин 2021 жылдың 4 тамызынан хабар-ошарсыз. Ол таңғы алтыда «Қарақұдық» қыстағынан шыққан, содан оралмаған.

Жеке мұрағаттан.

Мараттың жұбайы Айнара Закарина тағы да БАҚ-қа жүгінді. Ол 47 жастағы күйеуі табылады деп үміттенеді. Ол он айдан бері іздестіріліп жатыр, бірақ әзірге ешқандай хабар болмай тұр.

«Ішкен кездері болды. Салынып кеткен кезі сирек. Үйде болды, жұмыс істеді. Айтарлықтай ауруы жоқ, есте сақтау қабілеті жағынан проблема жоқ. Ұлы мен екі қызы бар. Ол Жәнібек ауданы Көгенкөл ауылдық округінің Көлтабан бөлімшесінің «Қарақұдық» қыстағына жұмысқа кетті. Сол жерде 3-4 күн жұмыс істеп, таңғы алтыда белгісіз бағытта кетіп, содан оралмады. Одан кейін оны ешкім көрмеген», – дейді Айнара Закарина.

Марат Шурин жұбайының сипаттауынша, қысқа шашты және сол қолында татуировкасы бар. Бойы – 172 сантиметр.

«Оны көрген адамдар болды, көрген жерлерін хабарлады, біз бірден бардық, сұрадық, бірақ ешкім көрмеді, мүмкін олар шатастырған болар. Біз енді не ойлайтынымызды білмейміз, із-түссіз жоғалып кетті»,- дейді қызы Гуларман ШУРИНА.

Ер адамның әйелі үмітсіздіктен тіпті көріпкел-балшыларға жүгінген, олардың әрқайсысы әртүрлі ақпарат береді.

«Олар карта ашып, фотодан қарап болжаған. Екеуі оның бұл әлемде жоқ екенін айтты, енді біреуі өте алыс жерде екенін, жадының жоғалуы мүмкін екенін, бірақ тірі екенін айтты, бірақ өзінің кім екенін және қайда екенін түсінбейді, ал басқалары оның қандай-да бір бөлмеде екенін және шыға алмайтынын айтты», — деп қосты қызы.

Полиция іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын, іс әлі жабылмағанын хабарлады.

Бағдарлар облыстық полиция департаментінің барлық бөлімшелеріне жіберілді, еріктілер мен жұртшылық тартылды,- деді БҚО ПД баспасөз қызметі.

Туыстары, қандай да бір ақпараты бар адамдардан, +7-705-816-68-38-Айнара ЗАКАРИНА нөмірі бойынша хабарлауды сұрайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-18
Утром17.12 ℃
Днем31.56 ℃
Вечером29.34 ℃
Ночью22.99 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.85 м/с
2026-08-19
Утром16.86 ℃
Днем32.02 ℃
Вечером33.07 ℃
Ночью23.52 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.99 м/с