Батыс Қазақстанда төрт адамға қасқыр шапты

Батыс Қазақстан облысында ауылда қасқыр шауып, төрт адам зардап шекті. Оқиға 7 мамыр күні Шыңғырлау ауылдық округіне қарасты аудан орталығынан 15 шақырым жерде орналасқан Шоқтыбай елді мекенінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрнекі сурет.

Шыңғырлау аудандық ішкі саясат бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында Whatsapp тобында тұрғындар бір-біріне ауылда қасқыр жүргенін хабарлап, сақ болу керектігін ескертеді.

Түз тағысының бірнеше тұрғынға шабуыл жасағаны анықталғаннан кейін ер азаматтар жиналып, іздестіріп, қасқырдың көзін жойған. Жыртқыштың басы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық ветеринарлық станция қызметкерлеріне тапсырылды.

Жарақат алып, қасқырдың тісі тиген екі ер, бір әйел адам және бір бала аудандық ауруханаға жеткізілді.

Жалпы, аталған елді мекен тұрғындары биыл бұдан бұрын да бірнеше рет 5-7 қасқыр көргендігін айтып, тиісті шара қабылдауды сұраған. Бұл туралы 8 мамыр күні сол Шоқтыбай ауылында өткен жиында белгілі болды.

«Толық екпе салынған үш адам амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберілді. Қолы жарақаттанған жасы 50-лердегі әйел ауруханада жатыр. Зерттеу қорытындысына сәйкес олардың бәрі де емдеу курсынан өтеді. Оған қоса, қасқырмен байланыста болған тағы 6 адамға екпе салынды» , — деді ҚазАқпарат тілшісіне аудандық аурухананың бас дәрігері Қылыш Жазықбаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-18
Утром17.12 ℃
Днем31.56 ℃
Вечером29.34 ℃
Ночью22.99 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.85 м/с
2026-08-19
Утром16.86 ℃
Днем32.02 ℃
Вечером33.07 ℃
Ночью23.52 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.99 м/с