Орал құрылыс бөлімі басшысының пара алды деп айыпталған ісі сотқа берілді
Құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы Арман Өксікбаевқа ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі бойынша «Аса ірі мөлшерде пара алу»деген айып тағылды. Өксікбаевтың ісі БҚО Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралатын болады.
Өксікбаевтың ісі сотқа берілгені туралы ақпаратты облыстық соттың баспасөз қызметі растады.
Еске сала кетейік, Арман Өксікбаевты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері 2021 жылдың қазан айында ұстаған болатын. Ұсталғаннан кейін ҚР агенттігінің сайтында оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы ресми хабарлама жарияланды.
– БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі» ММ басшысына қатысты тергеу басталды. «Н», 2020 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың 11 қазанына дейін «Ш» ЖШС директорынан пандемия кезінде арнайы тәртіпті қолдана отырып және кедергісіз конкурс бойынша Мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдем көрсеткені үшін бұрын келісілген 170,0 млн. теңгеден 134,0 млн. теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алды. «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2,2 млрд.теңгеге Орал қаласындағы 9 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қою. «Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі» ММ басшысы және азамат «Н» ұсталды және Орал қаласының УҰИ — не қамалды, – делінген ресми хабарламада.
Өксікбаевқа қатысты тергеу алты айға созылды.
Талғат Омаров