БҚО-да жазда жағажайларды 650 адам күзетеді

Тыйым салынған және қауіпті жерлерде балалар мен ересектердің шомылуын болдырмау үшін 400 құтқарушы мен 250 волонтер рейдтерге шығады. БҚО ТЖ департаментінің мамандары өткен жылы облыс бойынша су айдындарында 31 адам суға батып кеткенін, оның 10 – ы балалар екенін еске салды. Департамент судағы қауіпсіздік ережелері туралы еске салып, Облыстың жағажай маусымына қалай дайындалып жатқанын айтты.

БҚО төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Рашид Бляловтың айтуынша, 2021 жылы облыстың су айдындарында 31 адам суға батып кеткен, оның 10 – ы балалар.

– Облыс бойынша жазғы маусымда бұқаралық демалыс, туризм және спорт үшін 69 орын анықталды, оның ішінде 19 жағажай. Төтенше жағдайларға ден қою үшін 72 құтқарушы, 21 жүзу құралы, 1 катер және 15 патрульдеу автомобилі дайындалды, — деді Рашид Блялов.

Ол құтқарушылардан басқа, алдын алу іс-шараларына қоғам белсенділерін тартатынын атап өтті.

– Адамдардың көпшілік демалатын орындарында рейдтер жүргізіледі, ол үшін біз ТЖД жеке құрамынан 400 адамды, сондай-ақ БҚО қоғамдық ұйымдарының 250 еріктісін жұмылдырамыз. Рейдтік іс-шараларда жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуға тартатын шығармыз, – деп атап өтті Рашид Блялов.

Балалар лагерлерінде және аудан орталықтарында билік балалардың қауіпсіз жағдайда шомылуы үшін модульдік рамалық бассейндер орнатады. Мұндай бассейндер туралы ақпарат 2GIS-те көрсетіледі.

Александра Федорова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-07
Утром-8.6 ℃
Днем-9.38 ℃
Вечером-9.62 ℃
Ночью-11.54 ℃
Влажность83 %
ДавлениеhPa 1048
Скорость ветра3.11 м/с
2024-12-08
Утром-12.5 ℃
Днем-6.77 ℃
Вечером-9.23 ℃
Ночью-9.88 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра3.89 м/с