Орал ЖЭО жаңғыртуға 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Оралда жергілікті жылу электр орталығында турбоагрегат пен градирняны ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Жобаның жалпы сметалық құны 5 млрд 572 млн теңгені құрайды. Коммуналдық қызметкерлердің айтуынша, Орал бас қазандығының ескірген жабдықтарын ауыстыру қала тұрғындарына электр және жылу энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ Жайық өзенінен кәсіпорынның технологиялық қажеттіліктеріне суды тұтынуды қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы облыс орталығының коммуналдық кәсіпорындарын қысқа дайындау жөніндегі аппараттық кеңесте «Жайықжылуқуат» АҚ Бас директоры Қуат Мусин хабарлады.

Оның айтуынша, кәсіпорын Орал ЖЭО турбоагрегатын ауыстыруды бастады. Жобаның жалпы сметалық құны – 3 млрд 272 млн теңгені құрайды. ЖЭО республикалық және жергілікті бюджет есебінен жаңғыртылуда. Жұмысты мердігерлік ұйым «Жайық Құрылыс»ЖШС орындайды. Коммуналдық қызметкерлер жобаны іске асырудан халықты электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша станция жұмысының сенімділігінің артуын күтуде.

Қуат Мусин сондай-ақ жылу беру маусымына жабдықты дайындауға кәсіпорын 539 млн теңге өз қаражатын бөлуге ниетті екенін айтты.

– Біздің жоспарымызда 5,8 шақырым магистральды және орамішілік жылу желілерін, сондай – ақ ЖЭО жабдығын жөндеу қажет. ЖЭО негізгі жабдығы бойынша энергетикалық және су жылыту қазандығы мен ағартқыш жөндеуге жатады, – деп ЖТЭ бас директоры хабарлады.

Бұдан басқа, ЖТЭ-де Орал ЖЭО-ны айналмалы сумен жабдықтауға көшу процесі жалғасуда. Жобаның сметалық құны 2,3 млрд теңгені құрайды. Жоба республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жұмысты «West Oil and Gas Systems»ЖШС мердігерлік ұйымы атқарады.

Қуат Мусиннің айтуынша, Орал ЖЭО айналма сумен жабдықтау схемасын қайта жаңарту Орал өзенінен кәсіпорынның технологиялық қажеттіліктеріне суды тұтынуды жылына 4 млн текше метрге қысқартуға, Орал өзенінің ескі арнасына жылу алмасу суларын ағызуды болдырмауға және жазғы кезеңде электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Серік ЕСЕНОВ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром18.13 ℃
Днем29.8 ℃
Вечером30.14 ℃
Ночью20.43 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра6.03 м/с
2025-07-18
Утром19.49 ℃
Днем29.45 ℃
Вечером27.7 ℃
Ночью22.84 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.46 м/с