БҚО-да салық қызметінің қызметкері 40 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді
Батыс қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы бизнесменнен пара алды деген күдікпен қамауға алынды.
БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, ЖШС директорынан аса ірі көлемде — 40 миллион теңге пара алды деген күдікпен.
«Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ЖШС пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін пара алған. Қазір ол қамауда», – деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Қалған деректер тергеу мүддесі үшін жария етілмеген. «ОА» мәліметтерді анықтайды.
Александра Фёдорова