БҚО-да 17 жеке және 2 коммуналдық жағажай шомылу маусымына дайын
Облыстық ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт орындары үшін барлығы 69 орын белгіленгенін айтты.
Ернұр Өтегеновтің айтуынша, аудан әкімдіктерінің қаулысымен 19 жағажай анықталды, оның ішінде 2 — коммуналдық, 17 – жеке меншік. Оралда-8, Бәйтерек ауданында-8, Теректі ауданында-1, Тасқала ауданында-1, Бөрлі ауданында – 1.
Сондай-ақ, облыс аумағында қосымша 7 жағажай ашу мәселесі шешілуде. Су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспар бекіту сатысында. Рейдтік іс-шараларды өткізу үшін ТЖ департаментінің, полиция департаментінің және көліктік бақылау инспекциясының жеке құрамынан 400-ден астам адам жұмылдырылатын болады. Сондай-ақ, 250-ден астам волонтер тарту жоспарлануда.
– Облыс әкімдігінде коммуналдық жағажайларды құру және жабдықтау, балалармен профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ рейдтік іс-шаралар мен патрульдеу бойынша кеңес өткізілді. Сонымен қатар, жағажайларда бейнебақылау камераларын орнату бойынша тапсырмалар берілді, — деді Ернұр Өтегенов.
Ол атап өткендей, өткен жылы шомылу маусымы жағымсыз салдарларды қалдырды, өйткені су айдындарында адамдар қаза тапты. Барлығы 24 адам суға кетті, оның ішінде 8 бала.
Ернұр Өтегенов биыл су айдындарында өлім-жітім жоқ екенін айтты.
– Биыл ауа райы әлі тұрақтаған жоқ, негізінен мамырдың салқын және жаңбырлы күндері болды. Осыған байланысты тұрғындар су қоймаларына ұмтылмайды, — деп түсіндірді Ернұр Өтегенов.
ТЖД басшысы жағажай маусымы 1 маусымнан басталып, 1 қыркүйекте аяқталатынын еске салды.
– Бүгінгі күні жағажайларды тексеруге 10 өтінім берілді. Оның ішінде 8 жағажай тексерілді, Оралда — 3, Бәйтерек ауданында-1, Тасқала ауданында – 3. Сонымен қатар, шомылу кезеңіндегі төтенше жағдайларға ден қою үшін 72 құтқарушы, 21 жүзу құралы, 1 катер және патрульдеу үшін 15 автомобиль дайындалды. Рейдтік іс — шараларға жұмыспен қамту орталығының басқармасы арқылы жұмыссыздар қатарынан 40 адамды тарту туралы қосымша мәселе пысықталуда, – деді Ернұр Өтегенов.
Ол БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері шағын көлемді кемелердің талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізіп жатқанын айтты. Аудан әкімдіктері білім басқармасымен бірлесіп 22 модульдік-қаңқалы бассейнді орнату бойынша жұмыстарды бастады. Ернұр Өтегенов түсіндіргендей, бұл бассейндер, әсіресе балалар үшін, балалар лагерлерінде, су қоймаларының жанында орнатылады, осылайша жас балалар үшін суда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Мария Драчева