Министр Батыс Қазақстандағы жол жөндеу жұмыстарын тексеруге барды

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

Ол Батыс Қазақстан мен Атырау облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жөндеу жұмыстарын тексеріп, шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындарымен кездесуді көздеп отыр.

«Екі күн ішінде Оралдан Атырауға дейін көлікпен жүріп өтіп, құрылыс жұмыстарының қарқынын тексеруді жоспарлап отырмын. Жүз рет естігенше, өз көзіңмен бір рет көрген жақсы. Сапар барысында мердігер компаниялардың өкілдерімен кездесу өткіземін. Мүмкіндігінше шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отырмын», — деп жазды Қайырбек Өскенбаев әлеуметтік желіде.

Министр Орал – Казталовка ауылы – Казталовка тас жолының учаскелері – Жәнібек– Ресей шекарасы – Өнеге жолының учаскелері – Бисен – Сайхин – Хан Ордасы ауылы – Құрманғазы ауылы – Атырау жолының учаскелері – Астрахань бағыты бойынша жүретінін атап өтті.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қайырбек Өскенбаев бұған дейін бірқатар нысанды тексеріп, бірнеше кездесу өткізгенін, онда жол құрылысы жұмыстарының сапалы және уақытылы аяқталуына мердігерлердің назарын аударғанын, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшылығына бірқатар тапсырма бергенін хабарлады.

Одан кейін министрдің жұмыс сапары Атырау облысында жалғасып, Атырау – Астрахань тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары тексеріледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-08
Утром-7.49 ℃
Днем-5.16 ℃
Вечером-9.99 ℃
Ночью-13.01 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.95 м/с
2026-03-09
Утром-23.64 ℃
Днем-21.03 ℃
Вечером-20.82 ℃
Ночью-25.34 ℃
Влажность83 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра7.19 м/с