ТЖД балаларды құтқарған полицейге неліктен қол шам ғана берілгенін түсіндірді

Батыс Қазақстан облысында суға батып бара жатқан екі баланы құтқарған полицияның кіші сержанты Ержан Қуанышев алғыс хатпен марапатталып, сыйлыққа қол шам (фонарик) алды. Бұл туралы «Уральск 404» телеграм каналында жарияланды.

30 мамыр күні полиция сержанты Ержан Қуанышев Погодаев ауылының маңындағы тоғаннан 7 және 8 жастағы ұл балаларды құтқарып қалған. Ең алдымен ол суға батып бара жатқан баланы, сәлден соң екіншісін жағаға шығарған. Қимылсыз жатқан баланың жүрегіне массаж жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Бүгін екі баланы өлім аузынан аман алып қалған Ержан Қуанышевке сыйлық ретінде x-balog жарықдиодты тактикалық шамы берілді. Мұндай сыйлық желі қолданушыларының наразылығын туғызды.

Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жарық шамды қызметкерлер өз атынан бергенін айтты. Яғни, департаменттің ресми сыйлығы емес көрінеді.

«Департамент уәкілетті органға (ТЖМ) Ержан Қуанышевті ведомстволық наградамен марапаттау үшін материалдарды жіберді», – деп қорытындылады ТЖД баспасөз қызметі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-27
Утром14.73 ℃
Днем19.24 ℃
Вечером9.24 ℃
Ночью7.18 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1001
Скорость ветра7.7 м/с
2025-04-28
Утром2.6 ℃
Днем7.34 ℃
Вечером6.24 ℃
Ночью3.15 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра9.83 м/с