Референдум жарнамасы үшін 383 миллион теңге жұмсалды
Орталық сайлау комитеті референдумды жарнамалау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына 383 000 000 теңге бюджет ақшасын төледі.

«Зерттеу» қоғамдық қоры Орталық сайлау комиссиясының референдумды бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауға қанша қаражат жұмсағанын есептеп шықты.
16,4 миллиард теңгенің 383 миллион теңгесі референдумды бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауға жұмсалды. Мемлекеттік сатып алу порталында 25 мамыр мен 1 маусым аралығында әрбір медиа-ресурспен келісім-шарт жасалды.
Референдум туралы 90 минуттық хронометражмен «бейнелерді жариялағаны» үшін 31 арнаға 19,5 миллион теңге берілді.
«Ақпараттық баннерді орналастырғаны» үшін NUR.KZ мен Tengrinews 38,9 миллион теңге және 24,5 миллион теңге алады.
Love Radio эфирінде 100 рет «референдум туралы айтқаны үшін» 9,6 миллион теңге алады.