Министрлік киікті аулауға рұқсат беретін жобаны кері қайтарып алды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ашық деректер порталында жарияланған табиғи жолмен өлген киік дериваттарын жинау жөніндегі бұйрық жобасын кері қайтарып алды. Бұл туралы ведоство өзінің Telegram-да жазды.

«ОА» мұрағатынан

Комитет жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғауды ұйымдастыру бойынша қабылданған шаралардың арқасында киіктердің жыл сайын орта есеппен 40%-ке көбеюі байқалатынын хабарлады.

2017 жылғы есеп бойынша киік басы 152 мың болса, 2022 жылы олардың саны 1,3 млнға жетті. Дегенмен бұл жануарлардың республика бойынша оңтайлы саны 560-770 мың болуы керек.

Әсіресе Батыс Қазақстан облысына ерекше назар аудару қажет. Онда киіктердің саны – 801 мың бас. Бұл өңірде жайылымдар мен суаттар үшін ауыл шаруашылығы жануарларымен киіктердің бәсекелестігі арта түскен. Сонымен қатар киіктер Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында егістіктерге де зиян келтіруде. Қазіргі кезде 2015 жылғы пастереллёз індетінің қайталану қаупі бар.

Сол жылы 150 мың киік (бүкіл популяцияның 80%) қырылып қалған еді.

«Қазіргі уақытта киіктердің санын басқару мақсатында, ғылыми биологиялық негіздеме әзірленуде. Оның қорытындысы бойынша киіктердің санын реттеу мәселесі бойынша шешім қабылданады. ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті НҚА (нормативтік құқықтық актілер) ашық деректер порталында киіктің дериватын жинауға бұйрық жобасын жариялады. Аталмыш бұйрық жобасы табиғи өліммен өлген киіктердің дериваттарын жинауға бағытталған», – делінген хабарламада.

Комитет бұйрықтың бұл жобасын пысықтау үшін Ашық НҚА-дан қайтарып алды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-17
Утром5.43 ℃
Днем13.48 ℃
Вечером14.58 ℃
Ночью9.46 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.46 м/с
2026-04-18
Утром7.51 ℃
Днем12.92 ℃
Вечером13.79 ℃
Ночью12.12 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра7.4 м/с