Сұйытылған газ қымбаттайтын болды
Энергетика министрлігі сұйытылған газдың шекті құнын көтеруді көздеп отыр.

«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сатылатын» сұйытылған газдың шекті құны 2022 жылғы 1 шілдеден бастап тоннасына 28 мың теңгеден 33,6 мың теңге/тоннаға дейін ұлғайтылады.
Энергетика министрінің бұйрығы Open NLA сайтында жарияланған. Құжат қазір мақұлдануда.
Бұл елдегі «газ» шерулері текетіреске айналып, жүздеген бейбіт тұрғын қаза тауып, жараланған Қанды қаңтар оқиғасынан кейінгі сұйытылған газ бағасының бірінші рет көтерілуі.