Оралда жалған ақша жасаушы 5 жылға сотталды
Айыпталушы алтын алқа сатып алып, оны жалған жүз долларлық ақшамен төледі.
БҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті айыпталушы Коваленконың құны 100 доллар болатын жеті жалған купюраны сатқанын және жалған купюраларды пайдалана отырып, әйелден құны 220 мың теңге болатын алтын алқа сатып алғанын хабарлады.
Орал қалалық соты айыпталушыны қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 5 жылға бас бостандығынан айырды.
Талғат Омаров