БҚО-да ауыл шаруашылығы басқармасы дизель отынының бағасын төмендетті
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы дизель отынына демпингтік баға белгіледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті дала жұмыстары үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша өңірлік операторларды анықтау мәселесі бойынша талдау жүргізу барысында ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 194-бабы 1-тармағының бұзылу белгілерін анықтады.
Атап айтқанда, Батыс қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасы дала жұмыстары үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторларды айқындау кезінде дизель отынына демпингтік баға белгіледі, оны белгілеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделмеген.
Сонымен қатар, «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ ережесіне сәйкес демпингтік бағаны анықтау Басқарма құзыретіне кірмейді.
Осыған байланысты, Департамент 2022 жылғы 6 маусымда «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ атына бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді тоқтату және алдағы уақытта жол бермеу туралы хабарлама шығарды.
Бүгінгі күні хабарлама Басқармада қаралуда және оны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.
Хабарламаны орындамау, оны толық орындамау, орындау мерзімдерін бұзу Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгілері бойынша тергеп-тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады.