Шалқар көлінде үрлемелі матраста жағадан алып кеткен баланы екінші күн іздеуде
Атасы мен немересі Шалқар көлінде кеше 22 маусым күні сағат 16: 45-те жоғалып кеткен еді.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 маусым күні сағат 16: 45-те Теректі ауданы Сарыөмір ауылында Шалқар көлінде 9 жасар бала ересектердің қарауынсыз қалып, оны үрмелі матраспен жел көлдің ортасына алып кеткен. Оған көмекке 65 жастағы атасы ұмтылып, ол оның артынан жүзіп кеткен. Алайда олар жағаға оралмады.
Бүгін, 23 маусымда құтқарушылар баланың атасын тапқанын хабарлады: ол тірі, баланы іздеу жалғасуда. Қазіргі уақытта 13 құтқарушы жоғалған баланы іздестіруде..