Күзде Қазақстанда ақбөкендердің санын қысқартуды бастайды-Экология министрлігінің басшысы.
Қазақстанда киіктердің саны 1,3 млн-нан асады. Осы жылдың күзінде мал басын қысқарту бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2016 жылы киіктердің популяциясы 110 мың бастан аспаған кезде Қазақстанда атуға мораторий енгізілді. Өткен айдың соңында әуе есебі жүргізіліп, киіктер саны 1,318 млн басты құрады. Сондықтан қазір киіктердің санын реттеу бойынша биологиялық негіз дайындалуда. Киіктің санын қысқарту жұмыстары осы жылдың күзінен бастап жүргізілетін болады. Қазір біз нақты сандарды, ғылыми мақсаттар үшін қанша бас алу керектігін және қандай популяциядан екенін күтудеміз«, – деді министр.
Брекешевтің айтуынша, бүгінгі таңда ақбөкендердің негізгі проблемасы-өсіп келе жатқан популяция жайылымдарды, сондай-ақ ауылшаруашылық жерлерін таптай бастады.
«Батыс Қазақстан облысы бойынша киікке арналған резерват пен қорықша бар, бірақ олар шамамен 250-300 мың басты қамтуы мүмкін, алайда бүгінде киіктің Орал популяциясы 800 мың басты құрайды», – деп толықтырды Брекешев.
Бұған дейін хабарланғандай, фермерлер БҚО-дағы киіктер санының өсуіне байланысты жайылымдарға зиян келтіргені туралы мәлімдеді, киіктерді атуға рұқсатты Экология министрлігі жоққа шығармайды, ал БҚО-да киіктерді атуға шешімді бір ай ішінде қабылдайды.